Испан премьерасының 18-турында кішігірім сенсация тіркелді. Біріншілік басмталғалы бері жеңіліп көрмеген «Реал» «Севильяға» келіп сүрінді. «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткен ойында Криштиану Роналду 11-метрліктен есеп ашты. Осылайша ол тағы бір рекордты қайталады. 65 берілген пенальтидің 56-сын голға айналдырған.
Ал ойынның 85-минутында қорғаушы Серхио Рамос өз қақпасына гол соғып, таразы басын теңестіріп алды. Төреші қосқан өқосымша 4 минуттың ішінде алаңға алмасып енген Стефан Иоветич алыстан жойқын соққы бағыттап, жеңісмті жұлып әкетті. Турнирлік кестеде енді екінші орында 39-ұпайы бар Севилья тұр. Реалда тура 40 ұпай.