Хуни Калафат – "Реал" командасының назардан тыс қалған қызметкері
“Реал” командасын 3 адам басқарады. Бірінші орында бүкіл әлемнің футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс президент - Флорентино Перес. Оның жанында 57 жастағы Хосе Анхель Санчес есімді маркетинг бойынша кеңесшісі бар. Ал үшінші кезекте "Реалдың" барлық мәселелеріне 51 жастағы Хуни Калафат жауап береді. Ол корольдік клубта скаут болып қызмет атқарады.
2014 жылдан бері испан ұжымында қызмет жасайтын Хуни футболшылардың трансферіне тікелей араласа алады. Онымен қоса, ол Флорентино Перестің орнына маңызды кездесулерге барады. Әрине, 77 жасқа келген президенттің артық қимыл жасауы қазірде қиын. Сол себептен, ондай кездерде президент Фло өз жұмыстарын сенімдігі серігі Хуни Калафатқа сеніп тапсырады.
Скауттың арқасында “Реал” командасының құрамы жасарды. Мәселен, Калафат бразилияға өзі барып, Эндриктің келіссөздерін жүргізген. Басқа командалар жас талантқа “Реалдан” жақсы ұсыныс жасаған күннің өзінде Хуни апта сайын Эндриктің шаңырағына барып, оның Мадридке бірге жүруін көндірген. Одан кейін басшылық Тибо Куртуа ауыр жарақат алғанда Кепаны аламыз деген сәтте, скаут өз дегенін жасап, Андрей Лунинді командаға алдыртты. Нәтижесінде украиндық қақпашы “Реалдың” маңызды ойындарында жерге қарап қалмады. 2022 жылы халықаралық футбол бөлімі Хуниді әлемдегі ең үздік скаут атағымен мәртебиесін бір көтеріп қойды. Осыдан шабыт алған Калафат өз жұмысында тоқтап қалмай Джуд Беллингемнің “Реалға” трансферін рәсімдеп берді. Англиядан “Манчестер Ситиге” ауыс деп, Хосеп Гвардиола көндіре алмаған жартылай қорғаушыны Мадридтен келіп Калафат көндіріпті. Сондағы әлемдегі ең үздік бапкерден “Реалдың” скаутының дәрежесі мықты болып тұрғаны ғой!
Бір қызығы, “Сантоста” ойнаған Родригоны Хуни 4 жыл бойы бақылаған. Керек болса, туысқандарымен араласып, жас талантты қалайда болсын “Реалға” ауысуына әрекет жасаған. Нәтижесінде 2019 жылы Родриго “Реалға” 45 млн еуроға ауысты. Қазірде шабуылшының құны 100 млн еуродан асып жығылады. Хунидың арқасында жас футболшыларда өз құнын қалыптастырып, әлемдік жұлдыз атанып жатыр. Әйтпесе, бразилияда жүрген Родригоны осы уақытқа дейін кім таныды дейсіздер?
Біздің серіктес: FONBET