Алматы әуежайы Мадридтік "Реалдың" келу сәтінен бейнежазба жариялады.
Кадрларда VIP-терминалдан шыққан ойыншылар мен жаттықтырушыларды ұлттық нақыштағы ерекше қарсы алу рәсімі күтіп тұрғаны көрінеді.
Футболшыларға бауырсақ ұсынылып, қонақжай қазақ дәстүрі таныстырылды. Ойыншылардың жүзінен олардың бұл дәмнен ләззат алғаны аңғарылды. Сонымен қатар, ұлттық аспаптарда Чемпиондар лигасының гимні орындалып, атмосфераны одан әрі әсерлі етті.
Біздің серіктес: FONBET