Мадридтік команда оңтүстік астанамызға түнгі сағат 1-де қонады.
Корольдік ұжым Адольфо Суарес атындағы Барахас әуежайынан жергілікті уақытпен сағат 13:30 аспанға ұшты. Команда 8 сағат 20 минут бойы көкте қалықтайды. Кестеге сәйкес,олар Алматы әуежайына түнгі сағат 00:50-де қонуы тиіс.
Айтпақшы, “Реал” командасын Iberia әуе-компаниясының AIRBUS А380-800 ұшағы тасымалдауға жауапкершілік алыпты. Лайнер тек VIP жолаушыларды тасымалдауға арналған. Және ұшақта ұзақ уақыт бойы ұшуға қолайлы жағдай жасалған.
“Реал” командасы аталған ұшақпен Валенсияға барып қайтты. Онда Хаби Алонсо шәкірттері “Левантені” 4:1 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: FONBET