Жарнама
Жарнама

«Реал» футболшылары туралы қызықты деректер

Начода қант диабеті бар, ал Асенсионың есімі ван Бастеннің құрметіне қойылған.
Жарнама
Жарнама

Ия, мықты футболшы болу оңай емес. Көптеген қиындықтарға қарсы тұру қажет, көп нәрсені құрбан етуге тура келеді. Біз бұл мақалада "Реал Мадрид" футболшылары туралы қызықты деректермен бөлісетін боламыз.

Начо


Начоға 12 жасында дәрігерлер оның бұдан былай футбол ойнай алмайтынын айтқан. Начо кезекті бір турнирге дайындалып жатқан кезде ауырып қалған: «Мен үнемі дәретханаға жүгірдім, суды литрлеп ішетінмін. Анам қатты уайымдады, сондықтан ауруханаға қоңырау шалып, біз тексеруге бардық». Талдау оның қандағы қант деңгейі барлық мүмкін нормалардан асып кеткенін көрсетті. Дәрігер диагнозды - 1-типті қант диабеті деп атады. Футболмен айналысқан бала үшін бұл үлкен соққы болды.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін анасы Начоны отбасылық дәрігерге апарды. Тест нәтижелерін қарағаннан кейін дәрігер керісінше, бала спортпен шұғылдану керек деп айтты. Начо қатты қуанды - ол барлық инъекцияларға, кез-келген дәрі салдыруға, диеталарға дайын болды, басты мақсаты - футболды жалғастыру болды.

Содан бері ол тамақ ішкенде өзіне инсулин енгізеді, қандағы қант деңгейін өлшеп отырады және не жегенін мұқият қадағалайды. Бірақ, Начоның айтуынша, мұндай өмірдің бірнеше артықшылығы бар: демалу, дұрыс тамақтану - мұның бәрі спортшы үшін өте маңызды.

Каземиро

Ол небәрі бес жасында, әкесі үйден кетіп қалған екен. Әкесі әйелімен қатты ұрысып, оған қол көтеріп, содан кейін ешқашан отбасына оралмаған. «Егер мен оны қазір көшеде кездестірсем, ол менің әкем екенін білмеймін. Мен онымен кездескім келеді, бірақ Құдай бәрін өзі шешіп қойған екен». Каземироның анасы ұлының ештеңеге мұқтаж болмауы үшін және барлық қиындықтарға қарамастан жақсы білім алу үшін қолдан келгенінің бәрін жасады.

Ол кезде олар қараңғы жерлерде өмір сүретін, сондықтан Каземиро ойыннан бір күн бұрын командаластарының үйінде болатын - оған жеткілікті ұйықтап, күш жинау керек еді, бірақ оны өз үйінде жасау мүмкін емес еді.

14 жасында бразилиялықтан гепатиттің белгілері табылады. Сол себепті ол үш ай бойы жаттығу жұмысына қатыспады - оның жағдайы тіпті минималды физикалық жаттығуларға төтеп бере алмады. «Дәл сол кезде мен футболдан кету туралы қатты ойландым, тіпті жақсарсам да. Бірақ менің өткен өмірім, отбасым күресуге мүмкіндік берді», - деді Каземиро сол кезді еске алып. Содан кейін ол сауығып, жетіліп, күшейе түсті.

16 жасында ол «жұлдыз ауруына» ұшырады: семіре бастады, түнгі клубтарға жиі барды, өлгенше ішіп, тіпті жаттығуға мас күйінде баратын болды. "Сан-Паулу" жаттықтырушысы бұл мәселені шешудің арнайы әдісін ойлап тапты: әр матчта алған сары қағаз Каземиро үшін қызыл қағазға айналды және осыдан кейін ол өзгере бастады. Бірақ көп ұзамай бұл кезең аяқталып, бразилиялық жаңа деңгейге көтерілді.

Марко Асенсио


Қызықты оқиға Асенсио есімімен байланысты. Оның әкесі - испандық, ал анасы - голландиялық болғандықтан, ол Нидерланды футболының аңызы Марко ван Бастенге сүйсінетін. Осылайша оның құрметіне болашақ футболшының есімі берілді.

Бірақ Марконың жүрегі испандық клубқа тиесілі болды: «Неліктен екенін білмеймін, бірақ кішкентай кезімнен мен "Реалды" қолдадым", - деді Асенсио бір сөзінде. Бірде олар жанұясымен бірге портта серуендеп жүріп, сол жерде тұрған яхтаны көрді, оның жанында Флорентино Перес тұрған еді. Асенсионың анасы оған жүгіріп барып, баласы бір күні "Реал Мадридте" ойнайтынын айтып, суретке түсуді өтінді. Біраз уақыттан кейін Маркоға агенті қоңырау шалып, Мадридтік клуб оған қызығушылық танытып жатқанын айтты. Ал сәлден кейін Асенсионы клубқа Перестің өзі шақырды.

Лука Модрич

Хорватиялық жанкүйерлер Модричті жек көреді. Тіпті олар өздерінің жеккөрушіліктеріне терең бой алдырып, 2018 жылғы әлем чемпионатын бойкоттауға шақырды. Кейбір жанкүйерлер жейденің артына жазылған Модричтің есімінің орнына «есімде жоқ» деген сөздер жазып алды. Жанкүйерлердің «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысын жек көрудің басты себебі - Модричиің кезінде Загребтік "Динамоның" бұрынғы президенті мен хорват футболының иесі - Здравко Мамичке қарсы сотта куәлік беруден бас тартуы болды.

Бұл адам ұзақ уақыт бойы мемлекеттік бюджеттен аяусыз ақша ұрлап, журналистер мен Хорватияның спорт министрін қорқытқан, трансферлер жасау кезінде де ақша жымқыру мүмкіндігін жібермеген екен. Және мұның бәрі полиция мен көптеген шенеуніктердің қолдауымен болған. Ол ақыры бірнеше миллион еуроны жымқырмақ болған кезде ұсталған.Мамич Модрич пен Ловреннің трансферлерінен 15 миллион еуро пайда көрмек болған. Анық себептермен Лука «Здравко ісінде» куәгер болған және сотта Мамичке қарсы куәлік берген. Алғашқы сотта ол «Тоттенхэмге» ауысқаннан кейін қосымша келісімге қол қойғанын, ал екінші жауап алу кезінде айғақтарын өзгертіп, бұл Лондондық клубқа өтпестен бұрын жасалғанын айтты. Содан кейін хорваттық жанкүйерлер оны әлі күнге дейін кешіре алмай келеді.

Кәрім Бензема


Кәрімнің ата-анасы Алжирден көшіп, Лионға қоныстанған. Олар жақсы өмір сүрмеді - отбасында тоғыз бала болды. Кішкентай Кәрімнің негізгі ойын-сауығы - үнемі аулада ойнайтын футбол болды. Біраз уақыттан кейін ата-анасы оны футбол мектебіне жіберді, содан кейін ол спорттағы ұзақ әрі сәтті жолын бастады.

Бензема 18 жасында Франция құрамасына алғаш рет Грециямен жолдастық кездесуге шақырту алған болатын. Бірақ ол жарақатына байланысты ол матчқа бара алмады. Ал сол кезде Алжир футбол федерациясы бірден Каримді өз құрамасы үшін ойнауға шақырды. Футболшы бұдан үзілді-кесілді бас тартты: «Менің ата-анам Алжирде дүниеге келді, және бұл ел менің жүрегімде мәңгі қалады. Бірақ мен Франция үшін футбол ойнаймын», - деді ол бір сұхбатында

2011 жылғы Ла Лига маусымы аяқталған кезде Бензема артық салмақтан арыла бастады. Сол кезде "Реал Мадридтің" спорт директоры қызметін атқарған Зинедин Зиданның кеңесі бойынша Карим Италияның Мерано қаласындағы емханаға барды. Зиданның айтуынша, оның өзі ол жерге жиі баратын: физикалық тұрғыда жұмыс істеген, массаж жасайтын және токсиндерді ағзадан тазартатын диетаға отыратын. Кеңес пайдалы болды: аз уақыт ішінде Бензема 7 килограмнан арылған екен.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров