Жарнама
Жарнама

«Реал» футболшысы Көкшетауға сапар жасамақ! Әйгілі шабуылшының мақсаты не – тұмса табиғаттан ләззат алу ма жоқ қайырымдылық жасап қайтатын жоспары бар ма?

29.09.2025, 15:28

Родриго «Қайратқа» қарсы ойын бітісімен Көкшетауға баруды жоспарлап отырған ұқсайды.

"Реал" шабуылшысы Родриго
Жарнама
Жарнама

«Реалдың» шабуылшысын тартқан Жұмбақтас па, жоқ қайырымдылық жасап қайтайын деген ойы бар ма? Бізге белгілі болғандай, бразилиялық футболшы «Оқжетпес» сапындағы досы Энцо Мендеспен кездесуге ниетті көрінеді. Бірақ, ескі таныстардың қайда жолығатыны жайлы нақты ақпарат жоқ. Мүмкін, Алматыда жолығып қалады. Айта кетейік, Энцо Мендес әйгілі футзал шебері Фалькаоның ұлы. «Оқжетпеске» дейін «Елімайға» келіп қосылуға тырысқан еді, бірақ онда тұрақтай алған жоқ. Одан бөлек, Мендес Португалияда «Портимоненсе», «Лейшойнш» клубтарында және отанында «Лондрина» намысын қорғаған.

«Қайрат» пен «Реал» ертең Алматының «Орталық» алаңында шеберлік байқасады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров