Тибо Куртуа жарақатына байланысты қатардан екі аптаға шықты.
Бельгиялық “Реал Мадридтің” “Райо Вальеканомен” өткен ойынынан кейін өзін жайсыз сезініп бастапты (0:0). Клуб дәрігерлері жарақат алған Куртуаны құрама сапына жібермейтін болды.
Осыған байланысты Тибо Бельгия құрамасының 15 қарашада Бельгиямен болатын, 19 қарашада Лихтенштеймен өтетін кездесулерінен шет қалатын болды.
Қызыл сойқандар құрамасы Куртуаның жоқтығына қатты алаңдай қоймас. Руди Гарсия жігіттері Әлем чемпионаты іріктеуіндегі барлық мәселелерін шешіп қойған. Сондықтанда алдағы қалған екі ойында Куртуа орнына Матц Селс тұратын болады.
Біздің серіктес: FONBET