Жарнама
Жарнама

“Реал” капитаны “Қайратқа” қарсы матчқа қатыспайды

17.09.2025, 23:00

“Реал Мадрид” капитаны Дани Карвахаль Алматыда өтетін “Қайратқа” қарсы матчта алаңға шықпайды.

Жарнама
Жарнама

“Реал” мен “Марсель” арасындағы матчтың 72-минутында Карвахаль қарсылас қақпашысы Херонимо Рульямен шағын қақтығыстан кейін ашуына бой алдырып, оны басымен ұрып жіберді. Француз қақпашысы көгалға құлап түсті, ал төреші еш ойланбастан капитанға қызыл қағаз көрсетті.

Айта кетейік, бұл кездесуде Карвахаль бастапқы құрамға кірмеген еді. Алайда ойынның бесінші минутында жарақат алған Трент Александр-Арнольдтың орнына алаңға шыққан. Өкінішке қарай, оның пайдасынан гөрі зияны көп болды енді “Реал” Алматыдағы ойында Карвахальсыз өнер көрсетуге мәжбүр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров