Футбол функционері Алтай Дауымов «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңіндегі мүмкін қарсыластарына байланысты пікір білдірді.
«Бізге жеребенің мейлінше қиын болғаны жақсы. Қарсыластардың мейлінше қиын болғаны «Қайраттың» өзіне де, қазақ футболына да пайдалы болар еді. Бірінші себеттен «Реал» немесе «Барселона», сондай-ақ, «ПСЖ» мен «Ливерпульдің» біреуін көрсек дейміз. Жеке өзім миландық «Интерді» көргім келеді. Екінші себеттен сөзсіз «Атлетико» Мадрид. Олардың осында Талғарда командасының жасақталғанын ескерсек осы команданы құп көреміз. Одан кейін Алматыда жанкүйерлері өте көп саналатын лондондық «Арсеналды» айтуға болады. Үшінші себеттен - «Наполи», «Тоттенхэм» немесе күшті академиясы бар «Аякс». Олардың жас футболшыларын іс жүзінде көру қызық болар еді. Төртінші себеттен – «Ньюкасл», «Галатасарай» мен «Монако», - деді А. Даумов «Sports.kz» сайтына берген сұқбатында.
ЧЛ негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімі бүгін 21:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET