Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» 100 миллион еуроға жаңа футболшы сатып алды

08.06.2022, 00:28
Француз футболшысы мадридтік клубпен бес жылдық келісім-шарт жасасты.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» «Монаконың» жартылай қорғаушысы Орельян Тчуамениді қатарға қосты, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Футболшының трансферлік құны 80 + 20 миллион еуроны құрады. Тчуамени «Реалмен» бес жылдық келісім-шартқа отырады.

«Пари Сен-Жермен» Орельянға «Реал Мадридке» қарағанда көп жалақы ұсынуға дайын болды, бірақ олар футболшының басқы нұсқаны таңдағанына байланысты жұма күні келіссөздерді тоқтатты.

«Ливерпуль» де Тчуамениге қызығушылық танытып, оның агенттерімен тікелей байланыста болды, бірақ Килиан Мбаппеден айырылған «Реал Мадрид» келіссөздер барысында бар күшін салды.

Орельян медициналық тексерістен өтіп қойды. Енді тек құжатқа қол қою ғана қалды.

22 жастағы Тчуамени «Бордоның» түлегі. Ол 2020 жылдың қаңтарында «Монако» командасына ауысты. Франциялық клуб үшін жартылай қорғаушы 95 матчта сегіз гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Орельянның «Монакомен» келісім-шарт мерзімі 2024 жылға дейін есептелген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров