Жарнама
Жарнама

“Реал Мадрид” 5 жыл ішінде негізгі құрамда бірде-бір матч өткізбеген Рейньермен келісімшартты бұзуға дайын

20.07.2025, 14:30

23 жастағы Бразилиялық жартылай қорғаушы Рейньер Мадридтің "Реалына" 2020 жылдың қаңтарында "Фламенгодан" шамамен 30 миллион еуроға ауысқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Алайда осы 5 жылдан астам уақыт ішінде ол "Реалдың" негізгі құрамында бірде-бір ресми матчқа қатыспаған. Клуб оны бірнеше рет жалға берді. Ол Дортмундтың "Боруссиясында" 2 маусым, сондай-ақ "Жирона”, "Фрозиноне" және соңғы маусымда (2024/25) "Гранада" клубтарында ойнады.

As басылымының жазуынша, "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо бастаған жаттықтырушылар штабы Рейньерге сенім артпайды, әрі оны клубтың екінші командасына қайта жіберу жоспарда жоқ.

Оның "Реалмен” жасасқан келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Егер клуб бұл трансфер терезесінде Рейньерді сата алмаса, онда оны еркін агент ретінде басқа клубқа өтуі үшін келісімшартты бұзуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров