Мадридтік «Реал» «Челсидің» қорғаушысы Антонио Рюдигермен ауызша келісімге келді.
Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, келісім-шартқа әлі қол қойылған жоқ, бірақ клуб қазірдің өзінде келіссөздерді аяқтап, қорғаушыны еркін агент ретінде қатарға қосуға дайындалып жатыр.
Дереккөздің айтуынша, 29 жастағы футболшы мадридтік клубпен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырады.
«Рюдигер клубтан кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол маған жеке әңгіме барысында айтты. Мен оны командада алып қалу үшін барымды салдым. Клуб басшылығы да қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ санкцияларға байланысты қолымыз байлаулы болып тұр. Сондықтан дәл қазіргі сәтте Рюдигердің клубта қалу-қалмауы бізге байланысты емес. Бұл оның шешімі», - деді Томас Тухель.
Рюдигер осы маусымда «Челси» үшін өткізген 47 ойында бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET