Жарнама
Жарнама

“Реал Мадрид” бапкері Ламин Ямаль туралы не айтты?

26.10.2025, 09:00

Бүгін “Сантьаго Бернабеуде” өтетін көптен күткен Эль Классико алдында Испания футболындағы жас жұлдыз Ламин Ямальдың "Реал Мадрид" жайлы айтқан ерсі сөздері Испан БАҚ өкілдері арасында үлкен талқылауға себеп болды. 

Жарнама
Жарнама

Бұл дерби жыл сайын ерекше эмоция мен шиеленіс тудыратыны белгілі, ал биылғы маусымның алғашқы “Барселона” мен “Реал” арасындағы кездесуі соны тағы дәлелдеп отыр.

Дәл осы жағдайға байланысты журналистер “Реал Мадридтің” бас бапкері Хаби Алонсодан пікір сұрап, Ямальдың мәлімдемесін еске салды.  
 
Испандық маман сабырмен:

"Эль Классико – ерекше матч. Ол әрдайым сондай болған, әрі бола да береді. Бұл — жаңа маусымдағы алғашқы үлкен сынақ, жаңа жобамыздың маңызды кезеңі. Біз стадионның үлкен ойынға тән ерекше атмосфераға толғанын қалаймыз. Әр сәттің өз қиындығы болады, бірақ үміттенемін, матч соңында жанкүйерлерімізбен бірге қуанышқа бөленеміз.

Бұл ойын бізге өте маңызды. Біз жақсы ойнауға барлық алғышарттар бар екенін сезіп отырмыз. Сол шабыт, сол ынта — ертеңгі күннің ең үлкен ынталандыруы. Ал Ямальдың немесе “Барселона” жақтың айтқандарына келсек, мен ол туралы пікір білдірмеймін. Біз үшін ең бастысы — алаңдағы ойын. Не істейміз, қалай ойнаймыз — міне, біз соған дайындалып жатырмыз.” — деп түйіндеді Хаби Алонсо.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров