«Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес «Реалға» ауысады, клубтар өзара келісімге келді, деп хабарлайды Sport Mediaset.
Дереккөздің хабарлауынша, Италиялық команда бұл трансферді жартылай қорғаушы Артуро Видальдың трансфері бойынша «Барселонамен» келіссөздер жүргізгендіктен құпия сақтаған.
Еске салайық, "Барселона" аргентиналық шабуылшыны қазіргі трансферлік терезеде алатын басты ойыншыларының бірі ретінде таңдаған болатын. Сондай-ақ, Мартинестің сатылымы «Интерге» қорғаушы Ашраф Хакимидің «Реалдан» 40 миллион еуроға сатып алынған трансфер шығындарын жабуға мүмкіндік беретіні туралы хабарланды.
Ал басылымның хабарлауынша, Лаутароның орнына "Интер" клубы «Реалдың» шабуылшысы Лука Йовичті алуы мүмкін. Мартинестің "Реалдағы" жалақысы жылына шамамен 8 миллион еуроны құрайды. Бұл «Интердегіден» 3 миллион еуроға көп, бірақ «Барселона» ұсынған жалақыдан 2 миллион еуроға аз.
Біздің серіктес: FONBET