Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» басшылығы Зиданға соңғы мүмкіндік берді

04.12.2020, 02:45
Одан бөлек Ла Лигада «Севильямен» және «Атлетикомен» ойнауы керек.
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" топтық кезеңнің соңғы матчында "Боруссия Мёнхенгладбахты" жеңе алмаса, Зинедин Зидан бас бапкер қызметінен босатылады, деп хабарлайды Cadena Ser.

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтпей қалуы мүмкін. Топтық кезеңнің бес турынан кейін "Реал Мадрид" турнир кестесінде жеті ұпаймен үшінші орында келеді. Дәл осындай ұпайды екінші орында тұрған "Шахтер" командасы да жинап үлгерді. Сегіз ұпаймен "Боруссия" өз тобында көш бастап тұр. "Интер" бес ұпаймен соңғы орында тұр.

"Реал Мадрид" соңғы ойынды өз алаңында өткізеді. Жеңіліс клубтың плей-офф кезеңіне шығуына жол бермейді. Тең түскен жағдайда барлығы "Интер" мен "Шахтер" арасындағы матчқа байланысты болады. 5-тур матчында "Реал" "Шахтерден" 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров