Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» бразилиялық қорғаушыны жалға алды

01.04.2022, 01:25
Футболшы «Реал Мадридтің» қосалқы командасында доп тебетін болады.
Жарнама
Жарнама

«Шахтердің» бразилиялық қорғаушысы Винисиус Тобиас «Реал Мадридке» ауысады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Италиялық журналисттің мәоіметінше, мадридтік клуб ойыншыны екі маусымға жалға алмақ. Сондай-ақ 18 жастағы футболшыны 18 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

ФИФА-ның жаңа ережелері еуропалық клубтарға Украина чемпионатындағы ойыншыларды трансферлік терезеден тыс тіркеуге мүмкіндік береді, сондықтан осы маусымда Винисиус «Реал Мадридтің» екінші командасы «Кастильяда» ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров