Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид», «Челси» клубтарын жаттықтырған Гус Хиддинк бапкерлік мансабын аяқтады

10.09.2021, 13:52
74 жастағы бапкер денсаулығына байланысты зейнетке шықты.
Жарнама
Жарнама

Кюрасао құрамасын жаттықтырған голландиялық жаттықтырушы Гус Хиддинк бапкерлік мансабын аяқтағанын хабарлады.

"Соңғы кездері мен коронавирустың кесірінен жұмыс істей алмадым, сондықтан кеше басшылықпен сөйлестім, және біз үзіліс жасаған дұрыс деген қорытындыға келдік, өйткені олар басқа тәсілді қолданғысы келеді. Мен жұмыс жасауымды тоқтатамын", - деді 74 жастағы голландиялық маман.

Еске салайық, Хиддинк Кюрасао құрамасын 2020 жылдан бері жаттықтырады. Маман 2006-2010 жылдар аралығында Ресей құрамасын баптаған. Сонымен қатар Нидерланды, Оңтүстік Корея, Австралия мен Түркия құрамаларын тізгіндеді, ал клуб деңгейінде ПСВ, "Фенербахче", "Валенсия", "Реал Мадрид", "Бетис", "Челси" және "Анжи" командаларында жұмыс жасады.

Хиддинктің жетекшілігімен Ресей құрамасы 2008 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров