Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» Эден Азармен психологиялық жұмыс жүргізбек

13.09.2020, 21:50
Азар «Реалда» ойынын жоғалтып алды. Клуб басшылығы мұның себебін анықтаған секілді.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» клубының басшылығы команданың шабуылшысы Эден Азармен психологиялық жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабардайды OK Diario басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, Азар жарақат алып қалудан қорқатын көрінеді. Бас бапкер Зинедин Зидан мен оның көмекшілері футболшыны қорқыныштан арылту үшін жұмыс істемек.

Өткен маусымда Азар Ла Лигада 16 матч өткізіп, бір гол соқты және алты нәтижелі пас берді. Эден бірнеше рет жарақат алып, клуб жанкүйерлерінің үмітін толықтай ақтай алмады, сондықтан клуб ойыншының психологиясымен байыпты жұмыс істеуге ниетті.

Еске сала кетейік, «Реал Мадрид» өткен маусымда Испания чемпионы атанған еді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров