«Реал Мадрид» алдағы екі айда жартылай қорғаушы Хамес Родригесті төмендетілген бағамен сатуға мәжбүр болады, деп хабарлайды Marca.
Хамес клубқа мансабын басқа жерде жалғастырғысы келетіндігі туралы айтқан. Колумбиялықтың "Корольдік" клубпен келісімшарты бір жыл ішінде аяқталатындығын ескере отырып, «Реал» басшылығы әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер барысында жеңілдіктер жасауға мәжбүр болады.
«Атлетико Мадрид» Родригесті 45-50 миллион еуроға сатып алуға дайын болды, бірақ «Реал» ойыншыны өзінің бәсекелесіне сатуға келіспеді. Енді Чемпиондар лигасының 13 дүркін жеңімпаздары ойыншыны шамамен 25 миллион еуроға сата алады.
Англия Премьер-лигасындағы бірнеше клубтар әлі де Хаместің қызметіне қызығушылық танытып отыр, оның ішінде Лондонның «Арсеналы», «Манчестер Юнайтед», «Эвертон» және «Вулверхэмптон» бар.
Біздің серіктес: FONBET