Мадридтік дербиде 7 гол соғылды. "Атлетико Мадрид" "Рияд Эйр Метрополитано" стадионында "Реал Мадридті" 5:2 есебімен ойсырата жеңіп, қарсыласының маусымдағы мінсіз сериясын үзді.
Диего Симеоне шәкірттері бұл жеңістің арқасында турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Қазір олар жеті ойында 12 ұпай жинап отыр – "Реалдан" алты ұпайға ғана артта.
Бұл нәтиже "Барселонаға” да тиімді болды. Каталондықтар Мадридтіктерден небәрі екі ұпайға ғана қалып келеді және ертең "Реал Сосьедадты" жеңсе, турнир кестесінің көшін бастайды.
Симеоне үшін бұл дерби тарихи мәнге ие болды. Ол Мигель Муньоспен теңесіп, Мадрид дербиін ең көп басқарған бапкер атанды, бұл оның 28-ші дербиі. Аргентиналық бапкер жетінші жеңісін тойлады. Айта кетерлігі, Симеоненің ұлы да матчта ерекше көзге түсіп, алғашқы голға пас беріп, қапталды қарсылас қорғанысын әбігерге салды.
"Реал Мадрид" бұл кездесуге маусымдағы алты жеңістен кейін келген еді. Бірақ "Атлетиконың” тамаша ойыны олардың керемет сериясын тас-талқан етті. Қожайындар алаңда толық үстемдік көрсетіп, лайықты ірі жеңіске жетті.
Біздің серіктес: FONBET