Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» камбэк жасап, Чемпиондар лигасының финалына шықты

05.05.2022, 14:32
Англиялық клуб матчтың соңғы минуттарында қателікке ұрынды.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 4 мамырда «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матчта «Манчестер Ситиді» 3:1 есебімен жеңді.

Есеп екінші таймда ашылды. 73-минутта «Сити» шабуылшысы Рияд Марез гол соқты. Бірақ 90-минутта «Реал» шабуылшысы Родриго мергендігімен көзге түсті, ал екі минуттан кейін бразилиялық футболшы дубль жасады.

Осылайша, матч экстра-таймға ұласты. 93-минутта «Сити» қорғаушысы Рубен Диаш Карим Бенземага қарсы өз айып алаңында ереже бұзды, содан кейін төреші пенальти белгіледі. Француз шабуылшысы бұл мүмкіндікті өз пайдасына жаратты.

Осылайша, «Реал» екі кездесудің қорытындысы бойынша (3:4; 3:1) Чемпиондар лигасының финалына шықты. Мадридтік клубтың қақпашысы Тибо Куртуа матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының финалына 17-ші рет шығып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров