Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» Килиан Мбаппеге ұсыныс жасады

06.10.2021, 20:06
Мадридтік клуб Мбаппені ең табысты футболшылардың бірі етпек.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппеге жылдық жалақысы шамамен 40 миллион еуро болатын 6 жылдық келісім-шарт ұсынды.

Мадридтік клуб 22 жастағы Франция ұлттық құрамасының ойыншысын маусым соңында, еркін агент ретінде алатынына сенімді, дейді журналист Николо Скира.

Дереккөздің хабарлауынша, париждік клуб Мбаппемен 2022 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісім-шартты жаңартқысы келеді.

Бұған дейін Килиан Мбаппенің өзі өткен жазда ПСЖ-дан кетіп, "Реал Мадридке" ауысқысы келгенін ашық айтқан болады. Ал мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес барлығы 1 қаңтарға дейін шешіледі деп мәлімдеме жасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров