"Реал Мадрид" Килиан Мбаппені сатып алу үшін ПСЖ клубына жалпы құны 160 миллион еуроны құрайтын ресми ұсыныс жасады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.
Дереккөздің хабарлауынша, "Пари Сен-Жермен" бұл ұсынысты әлі қабылдаған жоқ. Соңғы шешімді клубтың президенті Нассер Аль-Хелаифи қабылдайтын болады.
Ал Килиан Мбаппе ПСЖ-ның келісім-шартты ұзарту туралы жасаған үш ұсынысынан бас тартты. Ол мансабын Испанияда жалғастырғысы келеді, бірақ әзірге қос клуб нақты бір мәмілеге келе алмауда.
Қазіргі уақытта "Реал Мадридтен" басқа Мбаппеге қызығушылық танытып отырған бірде-бір клуб жоқ. Егер париждік клуб футболшыны осы жазда сата алмаса, Флорентино Перес Килианды келесі жылы еркін агент ретінде командасына қосуға тырысады.
Біздің серіктес: FONBET