Жарнама
Жарнама

“Реал Мадрид” Louis Vuitton-нан киінеді

13.06.2025, 16:30

2025/26 маусымынан бастап "Реал Мадрид" Louis Vuitton әзірлеген сәндік киімдерді киетін болды.

Жарнама
Жарнама

Louis Vuitton сән үйі бұл келісім арқылы тарихында алғаш рет кәсіби спорт клубының ресми киім жеткізушісі атанып отыр. Бұған дейін бренд спорттық іс-шараларға арналған арнайы багаждар мен кубоктарға арналған қаптамалар әзірлегенімен, тұтас команда үшін сәндік киім коллекциясын ұсынбаған еді. Енді клубтың ерлер және әйелдер футбол командалары, сондай-ақ баскетболшылары ресми сапарлар мен шараларда француз сәнінің ең үздік үлгілерін киеді.

Louis Vuitton сән үйінің ерлер киіміне жауапты әлемге әйгілі музыкант және дизайнер Pharrell Williams. Коллекция құрамына арнайы костюмдер, аяқ киім, аксессуарлар мен багаждар кіреді. Киімдер клубтың дәстүрлі түс гаммасына сай әрі Louis Vuitton-ның "VVN” белгілерімен ерекшеленетін болады. Фарреллдің айтуынша, бұл киімдер тек сәнді ғана емес, функционалды және спортшылардың заманауи өмір салтына толық сәйкес келеді.

“Реал Мадрид" пен Louis Vuitton арасындағы келісімнің қаржылық жағы құпия сақталуда. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, бұл әріптестік екі бренд үшін де имидждік тұрғыдан аса маңызды. Екі тарап та инновация, сапа және жаһандық ықпал ұғымдарымен байланысты. Louis Vuitton бұған дейін FIFA Әлем чемпионаты, Roland Garros және Монако Гран-при сияқты беделді спорттық шаралармен жұмыс істеп келген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров