Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" Обамеянг үшін 70 млн. фунт пен бір ойыншысын ұсынып отыр

02.12.2019, 01:02
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" қысқы трансферлік кезеңде "Арсенал" шабуышысы Пьер-Эмерик Обамеянгаті сатып алғысы келеді деп хабарлайды El Desmarque басылымы.

Аталған ақпарат көзіне сенер болсақ, "Реал" 30 жастағы сұрмерген үшін 70 млн. фунт (жобамен 82.1 млн еуро) пен қосақтап Хамес Родригесті жіберуге дайын.

Естеріңізге сала кетейік, Габон құрамасының ойыншысы үшін 2018 жылы "Арсенал" Дортмундтың "Боруссиясына" 63.7 млн. еуро санап берген-ді. Қазіргі келісім шарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Айта кетейік, Обамеянг биыл АПЛ-да 13 матчқа қатысып, 8 гол салған. Ал Еуропа лигасында 3 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров