Жарнама
Жарнама

“Реал Мадрид” ойыншысына арналған фильм Испаниялық клубтың ар-намысын таптауда

30.09.2025, 10:00

"Валенсия" Netflix-ке қарсы сотқа жүгінді.

Жарнама
Жарнама

Испанияның "Валенсия” футбол клубы Netflix стриминг сервисін сотқа берді. Себебі клуб өкілдері видеоплатформадағы “Биле, Вини” атты фильмнің мазмұны клубтың ар-намысына нұқсан келтірді деп санайды. Бұл деректі картина "Реалдың” шабуылшысы Винисиус Жуниорға арналған.

Клуб бұған дейін Netflix-тен фильмдегі даулы субтитрлерді өзгертуін сұраған, бірақ стриминг қызметі ешқандай жауап бермеген.

Дау 2023 жылы "Месталья” стадионында өткен "Валенсия" – "Реал" матчы жайлы эпизодтан басталды. Сол кездесуде жанкүйерлер Винисиусқа қарсы айқайлаған. Фильмнің субтитрлерінде көрермендер Бразилиялық футболшыға "маймыл” деп тіл тигізді деп көрсетілген. Алайда видео жазбасында айқын естілетіні – "ақымақ, топас” деген сөздер.

Сонымен қатар фильмде "Валенсия" клубы сол матчтан кейін кінәлі жанкүйерлерге қарсы тәртіптік шаралар қолданғаны туралы ақпарат берілмеген. Клубтың пікірінше, бұл деректерді бұрмалау команданың беделін түсіреді және жанкүйерлердің расистік образын қалыптастырады.

Айта кетсек, 2023 жылғы бұл ойын үлкен жанжалға себеп болған еді. Винисиусқа бағытталған айқайлардан кейін алаңда жаппай қақтығыс болып, бүкіл футбол әлемінде резонанс тудырды. Кейін "Валенсия” жанкүйерлері нәсілшілдікке айыпталған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров