Жарнама
Жарнама

«Реал» Мадрид оңбай жеңілді

27.09.2018, 18:35
Жарнама
Жарнама
6-тур ойындары өте қызықты нәтижелермен басталды. "Леганеспен" сырт алаңда кездескен "Барселона" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Филипе Коутиньоның соққан голы "Барсаны" алға жетелеп тұрғанымен, кейіннен алаң иелері 2 гол соғып, жанкүйерлерді қатты таңқалдырды. "Барселонаның" тегіс жерден сүрінгеніне қолдарын ысқылап отырған мадридтің аяқдопшылар өздері де омақасты. "Севилья" өз алаңында "Реалдың" тас-талқанын шығарды. Есеп 3:0.  Осы ойындардан кейін "Реалда" да "Барселонада" да 13 ұпайдан. Енді қос алып команда 29-қыркүйек күні 7-тур аясында өз алаңдарында кездесу өткізеді. "Барселона" "Атлетикпен" кездессе, "Реал" "Атлетикомен" ойнайды. Толығырақ: https://egemen.kz/article/175114-real-madrid-onhbay-zhenhildi
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров