УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы жауапты ойында мадридтік «Реал» өз алаңында «Челсиді» қабылдады. Мадридтегі (Испания) «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 3:2 есебімен лондондық команданың пайдасына аяқталды.
Кездесудің 15-минутында «Челсидің» жартылай қорғаушысы Мэйсон Маунт есеп ашты. 51-минутта «Челсидің» қорғаушысы Антонио Рюдигер командасының екінші голын соқты. Ал 75-минутта неміс шабуылшысы Тимо Вернер есепті 3:0-ге жеткізді. Бірақ бес минуттан кейін «Реалдың» шабуылшысы Родриго мергендік танытып, ойынды экстра-таймға ұластырды.
Кездесудің қосымша уақытында шешуші голды мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема соқты.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші ойында «Реал» Лондондағы (Англия) «Стэмфорд Бридж» стадионында «Челсиді» 3:1 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, мадридтік клуб Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.
Параллель өткен ойында «Бавария» «Вильярреалды» қабылдады. Матч Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски 52-минутта есеп ашты. Ал 88-минутта Самуэль Чуквуэзе таразы басын теңестірді.
Еске салайық, бірінші ойында «Вильярреал» «Бавариядан» 1:0 есебімен басым түскен болатын. Қос матчтың қорытындысы бойынша испаниялық клуб жартылай финалға шықты.
Біздің серіктес: FONBET