Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» Поль Погбаны алмайтын болды

28.11.2021, 23:41
Футболшы келесі жазда еркін агент атанады.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаға келісім-шарт ұсынбайтын болды, деп хабарлайды Marca басылымы.

Порталдың мәліметінше, корольдік клуб 28 жастағы француздың қаржылық талаптары жоғары болғандықтан, оны қатарға қосу туралы ойынан айнып қалған. Погбаны еркін агент ретінде алатынына қарамастан, мадридтік клуб жартылай қорғаушының жеке келісім-шарттағы талаптарын орындауға дайын емес.

Погба «Манчестер Юнайтед» сапында 2016 жылдан бері ойнап келеді. Оның клубпен келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады. Осы маусымда Поль «Манчестер Юнайтед» жейдесінде 13 матч өткізіп, 7 нәтижелі пас берді. Футболшы жарақатына байланысты 2022 жылдың басына дейін алаңға шыға алмайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров