Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» ПСЖ-мен нақты бір мәмілеге келе алмаса, Мбаппені қыста алуға тырысып көреді

29.08.2021, 00:27
Мадридтік клуб дүйсенбіге дейін ПСЖ-ның шешімін күтпек.
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" Килиан Мбаппенің трансфері бойынша ПСЖ-мен 29 тамызға дейін нақты бір мәмілеге келмесе, мадридтік клуб ойыншыдан бас тартатынын ресми түрде хабарлады.

Le Parisien басылымы "Реал Мадридтің" дүйсенбі күнге дейін күту туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Клуб халықаралық үзіліске дейін ПСЖ-ның нақты жауабын естігісі келеді. Егер париждік клуб "Реалдың" ұсынған 180 миллион еуросын қабылдамаса, Флорентино Перес Мбаппені қаңтар айында арзан бағамен алуға тырысады.

30 тамызда Килиан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысу үшін (Босния, Украина, Финляндия) Франция құрамасына қосылуы керек. Бұл жағдайда келісім-шарт жасау және қажетті медициналық тексерістен өту өте қиын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров