Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" қысқы трансферлік кезеңде бірнеше ойыншыны сатады

11.12.2019, 02:35
Жарнама
Жарнама

Marca газетінің хабарлауынша, "Реал Мадрид" қысқы трансферлік кезеңде бірнеше ойыншысын сатпақ.

"Галактикос" жазғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде қорғаушы Ферлан Менди мен Эдер Милитаоны, жартылай қорғаушы Эден Азар мен Родриго Гоэсті, шабуылшы Лука Йовичті жалпы құны 350 млн. еуроға сатып алған.
Осы аралықта клуб Льоренте, Рауль де Томас, Матео Ковачич пен Тео Эрнандестің трансферінен 150 млн. еуро тапқан.

Енді клуб алдағы трансферден 200 млн. еуро таппаса УЕФА-ның қаржылық fair play ережесін бұзып, жазаланады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров