Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» «РБ Лейпциг» ойыншысы үшін 40 миллион еуро ұсынды

04.09.2020, 17:47
Зидан кем дегенде бір ойыншы сатып алуды көздеп отыр.
Жарнама
Жарнама

«РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо «Реалға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Transfermarkt порталы Bild басылымына сілтеме жасап.

Мадридтік клуб келіссөздерді бастауға дайын, Ольмо үшін 40 миллион еуро ұсынып отыр, алайда "РБ Лейпциг" Тимо Вернер мен Патрик Шиктің кетуіне байланысты Даниэльді жібергісі келмейді. Ал Ольмоның агенті Энди Бара «Реалдың» қызығушылығын растай да, теріске шығара да алмайтынын айтты.

«Алдағы он күнде не болатынын кім білсін. Бір нәрсе анық: Дани өзін Лейпцигте үйде жүргендей сезінеді», - деді агент.

«Динамо Загребтің» жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо «РБ Лейпцигке» осы жылы, 25 қаңтарда ауысып келген болатын. Испаниялық жартылай қорғаушы "бұқалармен" 2024 жылға дейін келісімшартқа отырды. 21 жастағы футболшының трансфері «РБ Лейпцигке» 21 миллион еуроға түсті.

Ольмо - "Барселонаның" түлегі, ол Каталониялық клуб сапында дебют жасамастан бұрын, 2015 жылы Загребтің "Динамосына" көшті. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Германия чемпионатының 37 матчына қатысты, ойыншының еншісінде 13 гол және 8 нәтижелі пас бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров