“Ривер Плейт” командасының 16 жастағы жартылай қорғаушысы Франко Мастантуоно мансабын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.
Мадридтік клубтың ресми өкілдері аргентиналықтың Буэнос-Айрестегі матчын барып тамашалаған екен.
Мастантуоно “Ривер” құрылымында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бастапқы командаға футболшы осы жылдың басынан бастап шақыртылып келеді. Оның Буэнос-Айрес ұжымындағы келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды. Трансфермаркет жас ойыншыны 4 млн еуроға бағалайды.
Осы маусымда Франко “Ривер Плейт” үшін 10 ойын өткізіп, 1 голдық әрекетпен көзге түсті.
Осыған дейін Мастантуоноға “Барселона” командасы қызыққа болатын.
Біздің серіктес: FONBET