Жарнама
Жарнама

“Реал Мадрид” Роналдудың ұлына қызығушылық танытуда

17.05.2025, 19:30

Мадридтің “Реалы" Криштиану Роналдуның ұлы — Криштиану Роналду Жуниорға қызығушылық танытып отырғаны туралы Defensa Central басылымы хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Роналду Жуниор бұған дейін әкесінің ізімен бірнеше клубтардың жастар академияларында жаттыққан. Атап айтқанда, "Ювентус”, “Манчестер Юнайтед” және қазір “Аль-Наср” клубтарының жасөспірімдер командасында ойнауда. Шабуыл шебінде өнер көрсететін ол, жылдамдығы мен техникасы арқылы көзге түсіп жүр.

Роналду Жуниор бүған дейін “Реал Мадридтің” академиясында бірнеше рет жаттығу жасап көрген. Енді ол Испандық алпауыт клубқа ресми түрде қайта оралуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров