Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» жазда Погбаны алғысы келеді

08.07.2020, 16:05
Осындай дағдарыс кезінде Погба үшін үлкен ақша төлей алар ма екен?
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаға деген қызығушылығын жаңартады, деп хабарлайды Daily Mail.

Бұған дейін «Реал» француздық «Ренн» клубының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинганы алғысы келгегі туралы хабарланған болатын, бірақ «корольдік клуб» 17 жастағы ойыншы үшін үлкен ақша төлеуге дайын емес. Осыған байланысты «Реал» жазғы трансферлік терезе кезінде Погбаны сатып алу нұсқасын қайта қарастыра бастады. Қазіргі уақытта французды сатып алу «Реал Мадрид» үшін басым нұсқа болып отыр.

Погбаның "Юнайтедпен" қазіргі келісім-шарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Келісімшартта келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Ағымдағы маусымда Поль Англия Премьер-лигасының 11 ойынында 4 гол соқты. Сонымен қатар, жартылай қорғаушы Англия Кубогының бір кездесуіне және Англия Лигасы Кубогының бір ойынына қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров