Футбол жанкүйерлерінің жүрегін елжіреткен ерекше сәт орын алды.
Қайрат Боранбаев бала күнінен "Реал Мадридті" жақсы көретін Санжар есімді баланы Мадридтік клубтың жаттығуына шақырды.
Санжардың арманы тек командасын көру ғана емес, ең сүйікті ойыншысы Килиан Мбаппемен кездесу болатын. Бұл арман орындалды, ол Мбаппемен және бүкіл командамен амандасып, суретке түсіп, ойыншылардың қолтаңбасын алды.
Боранбаев бұл сәттің ерекше мәнін атап өтті:
"Біз “Қайратта” спорттың баршаға қолжетімді болуы үшін жүйелі жұмыс істейміз. Серіктестеріміздің қолдауымен алдағы матчта трибунада жанкүйерлермен бірге параспортшылар мен ерекше қажеттіліктері бар жандар да болады. Футбол мен ірі оқиғалар әр адамға ашық болуы тиіс. Бұл – біздің миссиямыздың бір бөлігі. Спорт арқылы ешкім өзін шетте сезінбейтін орта құра алатынымызға қуаныштымыз.” – деді ол.
Біздің серіктес: FONBET