Жарнама
Жарнама

“Реал Мадрид” жұлдызы Дастан Сәтпаевпен бір командада ойнауы мүмкін. Корольдік клубтың ойыншысы “Қайрат” сапына қосылмақ ба?

26.09.2025, 16:00

Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниорға бірнеше Ағылшындық клуб қызығушылық танытуда. Олардың қатарында Дастан Сәтпаевтың болашақ командасы “Челси” де бар. Дегенмен, оның Испания астанасынан кететіні әлі нақты емес.

Жарнама
Жарнама

Сейсенбі күні Ла Лигадағы “Левантмен” ойында Реал Мадрид 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Винисиус алғашқы голды соқты және екінші голға пас берді. Алғашқы голдан кейін Бразилиялық футболшы голды тойлау кезінде формасындағы клубтың таңбасын сүйіп, “Реалға” деген адалдығын көрсетті. Бұл қимыл оның клубта қалуға ниеті барын аңғартқандай.

25 жастағы шабуылшының қазіргі келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Егер жаңа келісімге келмесе, клуб оны келесі жазда сатуды қарастырып отыр. Бұл жағдай “Арсенал” мен “Ливерпульдің” назарын аударды. 

2024 жылғы “Алтын доп” рейтингінде екінші орын алған Винисиусқа екі клуб та қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, “Челси” мен “Манчестер Сити” де оның Премьер лигаға әкелуді ойластыруда.

Жаңа келісім жасалмаса, Винисиус клубтан кететіні айтылған. Екі тарап арасындағы келісім әлі шиеленісте. Ең басты кедергі — жалақы мәселесі. 

TEAMtalk мәліметінше, Винисиус Жуниордың агенттері жылына 30 миллион еуро (бонус қосқанда) сұраса, “Реал” 20 миллион еуро ұсынып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров