Испания футболының белгілі өкілі, бұрынғы қақпашы және бапкер Хосе Мануэль Очоторена 64 жасында қатерлі ісікпен ұзақ күрестен кейін дүниеден өтті.
Очоторена өзінің ойыншы мансабында Испания футболының ең даңқты клубтарының бірі — "Реал Мадридтің” құрамында өнер көрсетті. Ол командамен бірге үш рет Ла Лига чемпионы атанып, 1986 жылы УЕФА Кубогын жеңіп алды.
Кейін ол "Валенсия" сапында өнер көрсетіп, Испания чемпионатының ең аз гол өткізген қақпашысына берілетін “Самора” жүлдесін иеленген.
Ұлттық деңгейде Очоторена Испания құрамасы сапында төрт рет алаңға шығып, ел намысын қорғаған.
Ойыншы мансабын аяқтаған соң, Очоторена қақпашылар бапкері ретінде өзін тамаша қырынан көрсетті. Ол Рафаэль Бенитес жетекшілік еткен "Ливерпульдің" керемет кезеңінде жұмыс істеп, команданың 2005 жылғы Чемпиондар лигасы мен 2006 жылғы Англия кубогын жеңіп алуына зор үлес қосты.
Кейін ол Испания құрамасының бапкерлік штабына қосылып, онда да ұзақ жылдар қызмет еткен еді.
Біздің серіктес: FONBET