Жарнама
Жарнама

“Реал Мадридтің” оң қапталында жас ойыншы дебют жасауы мүмкін

Қазірде мадридтік клбутың оң қаптал қорғанысында өнер көрсететін ойыншылар қалмады.

Жарнама
Жарнама

“Ливерпульден” аттай қалап алдырылған Трент Александр-Арнольд жарақатына байланысты клуб сапынан бірнеше айларға шығып қалды. Ал Дани Карвахаль болса, алдыңғы кездесуде дөрекі ойнап, нәтижесінде қызыл қағазбен жазаланды.

Сол себептен, бүгінгі “Қайратпен” болатын ойында оң қаптал қорғанысты Хаби Алонсо Давид Хименеске сеніп тапсыруы мүмкін. 21 жастағы жас футболшы үшін бұл негізгі командада өзің дәлелдеуге керемет мүмкін. Бұған дейін Кастильяда ойнап келген Давид бүгінде негізгі ұжымда бірден Чемпиондар Лигасы арқылы дебют жасамақ.

Айта кетейік, “Қайрат” - “Реал” кездесуін бүгін футбол жанкүйерлері елорда уақыты сағат 21:45-те тамашалай алады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров