Мадридтік клуб УЕФА-ға шағым түсіріпті. «Реалдың» халықаралық ұйымға «арыздануына» себеп – Алматының «Орталық» алаңының сапасына қатысты екен.
Дәлірек айтқанда, испаниялық клуб өкілдері стадиондағы газонның биіктігін сәл қысқартуды сұраған. Испаниялық топ-клуб өтініші - «Орталық» газонды 25 миллиметрге дейін қықсарту, ал онда қазіргі биіктігі 30 миллиметр. «Реал» футболшылары осыған дейін тек 20-22 миллиметрде ойнап келген көрінеді. Испаниялықтардың осыған дейін ең биік газоны «Хетафеге» қарсы сырт алаңдағы матчы болатын – 27 миллиметр.
«Қайрат» - «Реал» кездесуі 21:45-те басталады.
Біздің серіктес: FONBET