Футболдан «Реал» командасы сырт алаңда «Барселонаны» ұтып, Испания кубогының финалына шықты.
Алғашқы ойында Мадридте тең тарқасқан (1:1) қос ұжым бар мәселені Каталония астанасына қалдырған еді. Бұл ойында жұртты көбі «Барселона» жеңеді деп топшылады. Себебі, «Барселона» «Ноу Камп» төрінде жеңілуі екі талай еді. Тіпті «Барса» соңғы екі жылдың көлемінде өз алаыңда екі доп айырмашылығымен ұтылып көрмепті. Дәл осы дәстүрді «Реал» бұзды
БАРСЕЛОНА – РЕАЛ – 1:3 (0:1)
Гол: Криштиану Роналду, 13 – пенальти (0:1). Криштиану Роналду, 57 (0:2). Варан, 68 (0:3). Хорди Альба, 89 (1:3).
«Барселона»: Пинто, Дани Алвес, Пике, Пуйоль, Хорди Альба, Хави (Тиагу, 73), Серхио Бускетс, Фабрегас (Вилья, 59), Педро (Тельо, 71), Месси, Иньеста.
«Реал» (Мадрид): Диего Лопес, Арбелоа, Варан, Серхио Рамос, Фабиу Коэнтрау, Хедира, Хаби Алонсо (Эссьен, 84), Ди Мария, Езил (Пепе, 78), Криштиану Роналду, Игуаин (Хосе Кальехон, 71).
Ескертулер: Пике, 13. Арбелоа, 38. Пуйоль, 41.
Төреші: Ундиано Мальенко.
26 ақпан. Барселона. «Ноу Камп». 95 002
Қосқан: Ернат Темірбеков