“Реал” ойыншылары мен қызметтік персоналы Мбаппенің қылықтарына өз таңданысын жасырмады

Килиан Мбаппе “Реал” командасында еңбек етіп жүрген қызметкерлермен танысты.

Қызметкерлер мен ойыншылар Мбаппенің қарапайымдылығына тәнті болыпты. Жұлдызды футболшы жаңа ортасымен тез тілтабысыпты. Онымен қоса, Килиан бірден клубтың мақсатын орындауға дайын екенін жеткізіпті. Бір қызығы, француз испан мен ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді екен. 

3 шілде күні Мбаппе ресми түрде “Реал” ойыншысы атанды. Осыдан кейін БАҚ өкілдері француз футболшысының жалақысы 30 млн еуроны құрайды деп ақпарат таратты. Ойыншы соңғы рет “ПСЖ” командасының намысын қорғады. Париждік клубпен ол 6 рет Франция чемпионатын, 4 рет Франция Кубогы және 3 рет ел Суперкубогын жеңді.

Айта кетейік, корольдік ұжым Мбаппе келген күні бірден оның Еуропа чемпионатында сынған мұрнына тексеріс жүргізді. Бірнеше тексерістен кейін Килианның тыныс алу мүшесіне ота жасалады деген ақпарат бар.

Материалда: