Жарнама
Жарнама

“Реал” президенті Қазақстанға барудан бас тартты

29.09.2025, 08:00

Мадридтік "Реалдың" президенті Флорентино Перес командасымен бірге Алматыға ұшқан жоқ. Ол Қазақстандағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Қайратқа" қарсы матчқа барудың орнына, Малагада өтетін баскетбол Суперкубогының финалын көруді таңдады.

Жарнама
Жарнама

Испаниялық Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, Перес Алматыға сапар жоспарламаған. Оның орнына ол "Реал” баскетбол клубын қолдауды жөн көрді. Бүгін олар "Валенсия Баскетке" қарсы Суперкубок финалында ойнайды.

Дегенмен, басылым мәліметінше, Перес ертең Алматыға ұшып келу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл қадам Мадридтік дербиде "Атлетикодан” 2:5 есебімен ұтылғаннан кейін командаға моральдық қолдау болар еді деп жазуда БАҚ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров