«Реал» - «Валенсия» 3:0. Асенсионың сәтті қадамы

«Валенсия» бірінші таймда «Реалды» әбден қинады. Осы ойыннан ұпай алатындай көрінді.

Ойынның 15-минутында Родриго жақсы мүмкіндікке шығып, қақпа бағанасын бір тексерді. Есеп ашатын жақсы сәт еді. Ал 21-минутта Родриго гол салды. Бірақ, төреші ВАРды қарап келіп, голды есепке алмады. Бірақ, гол таза болған еді. Сосын бірінші тайм аяқталар тұста Карвахаль "Валенсия" қақпасына соққы бағыттады. Бірақ, қақпашы Силессен сейв жасады. Бірінші таймда бұрыштамалар саны 3-1 "Реалдың" пайдасына. "Валенсия" қорғаушысы Гайя сары қағаз алды.

Екінші таймның басында "Реал" "Валенсия" қақпасын торуылдай бастады. 60 минутта Азар-Модрич-Азар-Бензема бағытындағы жүрдек пастар Кәрімнің гол салуына алып келді. Сосын Зинедин Зидан 74-минутта Асенсионы алаңға шығарды. Ол ойынға кіре салып бірден гол салды. Есеп 2:0. 86-минутта Асенсон берген пасты әдемі қабылдап алған Кәрім Бензема сол аяғымен сылқ еткізіп соққы жасап, есепті 3-0ге жеткізді. "Кинг оф матч" деп ұйымдастырушылар Марко Асенсионы атады. 74-минутта кіріп бір гол, бір асист жасаған Асенсио әлбетте бұл атаққа лайық. Бір қызығы осы матчтың соңына қарай Серхио Рамос шабуылға шығып, гол соққысы келді. Ол не үшін екені түсініксіз.