“Реал” жейдесінде 75 матч өткізген Арда Гүлер арқасында Стамбұл командасы бонус алады.
Түркиялықтың мадридтік ұжымда жазған келісім шартында, ойыншы 75 матч өткізгенде “Фенербахчеге” трансферлік бонус ретінде 2 млн еуро төленуі тиіс деген тармақша бар екен. Ал Гүлер болса, 1 қараша күні “Валенсияға” қарсы мерейтойлы матчында өнер көрсетті. Түрік вундеркинді тіпті Килиан Мбаппенің көзге түсуіне мүмкіндік жасап та берді. Осыдан кейін “Реал” командасы Арда үшін “Ференбахчеге” 2 млн еуро қарыз болып қалды.
Еске салсақ, осыдан 2,5 жыл бұрын 18 жасында Гүлер “Реал Мадрид” командасына қосылған болатын. Ол кезде жас жартылай қорғаушының трансфері 20 млн еуроны құрады. Ал қазірде 20 жастағы ойыншыны сатып алу үшін командалар кем дегенде, корольдік клубқа 60 млн еуро төлеуі керек.
Айта кетейік, Арда осы маусымда мадристалар сапында барлық турнирлерде 15 матч өткізіп, 8 гол мен 3 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET