Мадридтік «Реал» мен қазіргі бас бапкер Карло Анчелотти келісімшарт уақытын ұзартпай отыр. Себебі, клуб басшылығы алдағы уақытта жаңа бапкер тағайындауы мүмкін.
«Корольдік клуб» Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсете алмаса, Карло Анчелотти өз қызметінен кететін болады. Мұны испан баслымдары жарыса жазуда. Ал оның орнына «Порту» бапкері Хулен Лопетеги келуі мүмкін. Қазіргі таңда бұл бапкер португалдық клубты жартылай финалға алып шығуға нықтап қадам жасап үлгерді.
48 жастағы Хулен Лупетеги үшін «Реал» жат клуб емес. Ол 2008-2009 жылдар аралығында «Реал Кастильяны» жаттықтырған. Сонымен қатар, 2013 жылы Испания жастар құрамасымен Еуропа чемпионы атанған. Ал спорттық мансабында «Реалда» да, «Барселонада» да ойнаған. Бірақ, негізгі құрам ойыншысы болмаған.
Айта кетейік, Карло Анчелотти қызметінен кетсе «Реалды» Юрген Клопп жаттықтырады деп болжайтындар да бар. Себебі, дортмундтық «Боруссияны» жаттықтыратын бапкер осы маусым соңынан қызметінен кететінін хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET