Мадридтік "Реал" Алматыға келді.
Әлемдегі әуе рейстерін бақылайтын Flight Radar сервисінің мәліметінше, "Реалдың" рейсі бір сәтке әлем бойынша ең танымал әуе бағытына айналды, ұшақтың қозғалысын 22 мыңнан астам адам онлайн бақылаған.
Ұшақ Алматыға жоспарланған уақыттан ерте, 23:58-де қонды.
Қону рәсімінен кейін команда қаладағы бес жұлдызды InterContinental қонақүйіне бет алды.
Бұл сәт әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, Қазақстандық жанкүйерлер "Реалдың” келуін тарихи оқиғаға балап жатыр.
Біздің серіктес: FONBET