Жарнама
Жарнама

«Реалдың» капитаны клубтан кеткісі келмейді

10.06.2021, 15:56
Үш аптадан соң Рамостың келісімшарт мерзімі аяқталып, ол еркін агент атанады
Жарнама
Жарнама

Мадридтік «Реалдың» тірі «аңызы» әрі капитаны Серхио Рамос өз клубында қалу үшін барлық шарттарды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Үш аптадан соң Рамостың келісім-шарт мерзімі аяқталып, ол еркін агент атанады. Соңғы айларда екі жақ жаңа келісім-шарт жайында күрделі келіссөздер жүргізді, дегенмен әлі бір шешімге келе алмауда.

О баста Рамос қазіргі жалақысын сақтай отыра екі жылдық келісім-шарт беруін сұраған, ол кезде клуб президенті Флорентино Перес капитанға 10% аз жалақымен тек бір жылдық келісім-шарт ұсынуға дайын екендігін жеткізген.

Капитан алдымен дегенінен қайтпай, бұл ұсыныстан бас тартты, алайда кейіннен Перестің айтқанына көнген. Ал қазір Серхио жалақысының төмендеуіне де қарсы еместігін жеткізді. Оның қалағаны біреу — «Реалда» қалу және дәл осы жерде өз мансабын аяқтау. Бұл жайлы испандық Marca мен AS басылымдары жазып отыр.

Дереккөздерге сүйенсек, қазіргі уақытта Рамос Флорентино Перестен хабар күтуде және оның бүкіл шарттарына келісуге дайын, бірақ клуб президенті бірінші қадам жасауға асығар емес. Баспасөз беттерінде Перестің клуб қызметкерлеріне жақын арада Рамосты салтанатты шығарып салу рәсімінің болатынын, соған дайындала берулерін де жеткізген деген ақпараттар бар.

Наурызбай Сатжанов

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров