Испаниялық БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, мадридтік «Реалдың» белді ойыншысы «Қайратқа» қарсы ойында көмектесе алмайды.
Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Антонио Рюдигердің сол жақ жамбасындағы бұлшық ет жарақаты анықталды. Футболшының толық қалпына келуі шамамен үш айға созылады.
Бұл жағдай «корольдік клуб» үшін үлкен соққы болды. Себебі, Рюдигер маусымның негізгі қорғаушыларының бірі саналады.
Айта кетейік, Рюдигер «Реалға» 2022 жылы қосылып, осы уақыт аралығында екі мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Қайрат» - «Реал» матчы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET