Мадридтік "Реал" 2025 жылғы "Алтын доп" сыйлығына ұсынылған өз ойыншыларын әлеуметтік желілерде де, клубтық телеарнада да құттықтамады. Себебі клуб өткен жылғы марапаттау рәсімінен кейін бұл жүлдеге көңілі қалған. Бұл туралы COPE арнасына журналист Сиро Лопес хабарлады.
Бұл ұйымдастырушыларға өткен жылғы нәтижелерден кейін “Реалдың” бұл сыйлыққа сенбейтінін білдіру тәсілі.” – деді Лопес.
"Корольдік клуб" мұндай ұстанымды келесі маусымдарда да жалғастыруы мүмкін.
2025 жылғы "Алтын допқа” "Реал” сапынан Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе және Джуд Беллингем ұсынылған.
Еске сала кетсек, "Реал" делегациясы 2024 жылғы "Алтын доп” марапаттау рәсіміне барудан бас тартқан. Сол жылы жүлдені Испания құрамасы мен "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Родри иеленсе, "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниор екінші орын алған еді.
Біздің серіктес: FONBET